Норвегиядағы PEGIDA көсемі мұсылмандар көмегінен бас тартты
Норвегиядағы PEGIDA көсемі мұсылмандар көмегінен бас тартты
9 жыл бұрын 2926

Еуропадағы исламофобтардың PEGIDA радикалды қозғалысының Норвегиядағы тобының көсемі Мак Хермансеннің (Mack Hermansen) кітап дүкенін белгісіз біреулер айғыздап кеткен болатын. Осыған байланысты жергілікті мұсылман жамағаты өзз көмектерін ұсынған болатын. Алайда, исламофоб бұл көмектен бас тартты: «Мен бүгін бар да, ертең жоқ өтті-кетті әрекетті қажет етпеймін. Мен босқындар мен интеграцияға қатысты жаңа заңның қабылданғанын қалаймын»,- деді ол. Десе де, ол бұл қастандықты мұсылмандардан көрмейтінін жеткізді.

 

ӨЗГЕЛЕР ҒИБАДАТ ЕТКЕНДЕ МҰСЫЛМАН ҚҰЛШЫЛЫҚ ЕТПЕУІ КЕРЕК ПЕ?

 

Америкалық Мұһаммед  Фолл есімді мұсылман баскетболшысы Огайо штатындағы спортзалдың әкімшілігін федералды сотқа берді. Спортзалдың киім ауыстыратын бөлмесінде оған намаз оқуына кедергі жасап, қайталанған жағдайда қуылатыны жөнінде ескерту алғаны үшін. Бұл жайында Reuters ақпарат ресурсы хабар таратты. Ол аталмыш штаттағы LA Fitness спорт залында 2013 жылдың қазанайынан бері жаттығып келеді. Жаттығудан кейін киім ауыстыратын бөлмеде намаз оқуды әдетке айналдырған болатын. Үстіміздегі жылдың қаңтар айында жаттығу залының күзетшісі оның намаз оқуына тыйым салған еді. «Мұһаммед Фолл спортзалда наным-сенімі өзге спортшылардың да ғибадат еткенін көрген. Мәселен, христиандар шоқынып дегендей. Олардың құлшылық етуіне тыйым салынған емес. Мұһаммед Фолды мұсылман болғаны үшін құлшылық етуіне тыйым салған»,- деп айтылған сотқа жазылған шағымда. Сенегалдың тумасы Мұһааммед Фолл АҚШ-қа 1999 жылы, 12 жасында келген болатын. Ол мұсылман отбасында дүниеге келген.

1 пікір
  • Аллаһ тағала бұл кісіге жәрдем етсін мақсатына жеткізіп кедергі қиындықтардан құтқарсын әмин
    9 жыл бұрын
Мұрағат