Ниндзя тапшы
Ниндзя тапшы
6 жыл бұрын 3123 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ниндзялардың отаны Жапония халықтың қартаюына байланысты орын алған демографиялық дағдарыстан бөлек тағы бір қиындықпен бетпе-бет келіп отыр. Жаһандану жапондардың да ата салты мен мәдениетіне өз әсерін тигізіп, бүгінгі таңда ниндзялардың қарасы азайып кеткен. Бұл жайында Business Insider ақпарат көзі хабар таратты. Күншғыс елінің Миэ префектурасында орын тепкен Ига шағын қаласы ниндзялардың байырғы атамекені. Тұрғындарының саны шамамен 100 мың адамға жете-қабыл аталмыш елді-мекенге жыл сайын 30 мыңдай турист келіп, жылда өтетін ниндзялардың фестиваліне қатысып, тамашалап кетеді. Алайда, жылдан жылға ниндзялардың қарасы азайғандықтан табысының көп бөлігі туристерден түсетін жергілікті экономика зардап шеге бастады. Жастар ірі қалаларға ағылып жатыр. Иги басшысы Сакаэ Окамото бұл түйткілді шешу үшін ниндзяларға төленетін жалақының едәуір көтергендерін жеткізді: "Бүгінде ниндзяларға 23 мыңнан 85 мың долларға дейін жалақы тағайындалып отыр". Соған қарамастан ниндзя тапшы.

0 пікір
Мұрағат