Николя Анелька: «Ислам өмірімді нұрландырды»
Николя Анелька: «Ислам өмірімді нұрландырды»
2 жыл бұрын 588

Әлемге әйгілі француз футболшысы Николя Анелька осыдан 20 жыл бұрын өміріне түбегейлі өзгеріс енгізген ислам дінін қабылдаған болатын. 36 жастағы спортшы тілшілер қауымына хақ жолға қалай түскенін баяндап берді. Сондай-ақ, болашақтағы жоспарын да жайып салды. Қазіргі уақытта ол Алжирдің футбол клубын жаттықтырып жүр және еуропалық футбол клубтарына шақырса да баруға ойы жоқ екенін мәлімдеді. Өйткені, ол өзі жаттықтырып жүрген діндес бауырларын әрі осынау мұсылман елін қиып кете алмайтынын түсінген. Бұл жайында Al Arabiya ақпарат көзі хабар таратты. Ол өзінің Париж қаласының маңындағы елді-мекенде туып-өскенін жеткізді. Оның достары да алжирлік жасөспірімдер еді. Оның айтуынша, ол тура жолға бозбала шағында, яғни, он алты жасында түскен. Ол, тіпті, исламды қабылдамай тұрып, достарына еліктеп, қасиетті Рамазан айында ауыз бекітіп, ораза ұстағанын да жасырмады.

0 пікір