Нигериядағы жарылыстан 120 адам опат болды
Нигериядағы жарылыстан 120 адам опат болды
2 жыл бұрын 633

Нигериядағы мұсылман жамағатының рухани жетекшісі Мұхаммед Сануси ІІ жуырдағы жарылыстан кейін елдегі «Боко Харам» баскесерлерімен күресе беретінін мәлімдеді. «Кано әміршісі» деп аталатын мәртебелі титулға ие ислам қайраткері діндес бауырларын сабыр сақтауға шақырды. «Бізді ешқашан қорқыта алмайды әрі дінімізді тастауға мәжбүрлей алмайды. Олардың мақсаты осындай болса да»,- деп мәлдімдеді ол өткен жұма күнгі күшті жаралыстан кейін. Бұл жайында The Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты. Орталық мешітте екі мәрте орын алған жарылыстан кем дегенде 120 адам қаза тауып, 270-тен аса адам жарақат алды. Қаза тапқандардың арасында ата-анасымен мешітке құлшылық етуге келген балалардың да қарасы көп болды.

1 пікір