Нигерия мектебіндегі жарылыстан ондаған оқушы қаза тапты
Нигерия мектебіндегі жарылыстан ондаған оқушы қаза тапты
9 жыл бұрын 2532 Baq.kz

Нигерияның Потискум қаласындағы мектепте жарылыс орын алып, кемі 47 адам қайтыс болды. Көз жұмғандардың көпшілігі оқушылар деп жазады Agence France-Presse. 

Лаңкестік оқиға салтанатты шара басталар алдында орын алған. Бұл сәтте 2 мыңдай оқушы сап түзеп, мектеп директорын күтіп тұрған. Оқушылар киімін киген жанкешті балалардың арасына кіріп келіп, өзін жарып жіберген. Құтқарушылардың айтуынша, 72 адам дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізіліпті. Олардың көпшілігінің жағдайы өте ауыр. Әзірге болған жайтты ешқандай топ өз мойнына алған жоқ. Дегенмен, билік өкілдері бұған «Боко Харам» лаңкестік ұйымының өкілдері кінәлі дегенді айтып отыр.

0 пікір
Мұрағат