Нигерия халқы содырларға соққы берді
Нигерия халқы содырларға соққы берді
10 жыл бұрын 4366

Нигерияның «Боко Харам» содырлары ойран салып жүрген аудандарда жергілікті тұрғындар дәрменсіздік танытқан үкімет әскері мен қауіпсіздік қызметкерлерінен қайран болмаған соң, халық жасағын құрып, радикалдардың шабуылына өздері тойтарыс берді: ондаған экстремистің көздері жойылды. 270-тен аса оқушыны ұрлап әкеткен содырлардың тірідей қолға түскендері де бар. Ашынған тұрғындар осылайша нақты әрекетке көшті.

Нигериядағы қарулы қақтығыс, міне, бесінші жылдың жүзі болды, әлі толастаған емес. Содырлардың соңғы кезде басынғаны соншалық, мешітке баса-көктеп кіріп, таң намазына жиналған жамағатты жайратып тастаған болатын: олардың қолынан 17 адам опат болған еді. Жуырда екі жүзден аса оқушыны ұрлап әкетіп, оларды құлдық пен күңдікке сатып жатыр. Елдегі Борно, Йобе және Адамава штаттарында төтенше жағдай енгізілгенімен биліктің бұл шарасынан да қайран болмай тұр.

Ел билігі содырлармен келіссөз жүргізуге дайын. Олар ұрланған оқушыларды тұтқындалған сыбайластарына айырбастау мәселесін қарастырып жатыр.

0 пікір
Мұрағат