Нанотехнология бойынша ислам әлемінде қай елдің аты озып тұр?
Нанотехнология бойынша ислам әлемінде қай елдің аты озып тұр?
2 жыл бұрын 898

Иран нанотехнология саласы бойынша мұсылман елдерінің арасында бірінші орынға шықса, әлемде жетінші орынға табан тіреген. Яғни, әлем бойынша нанотехнология өнімдерін өндірудегі үлесі 4%-дан асады. Ал мұсылман елдерінің жалпы үлесіне шаққанда бұл көрсеткіш шамамен 42%-ды құрайды екен. Бұл жайында Тегеран қаласында өткен нанотехнология жетістіктеріне арналған көрме аясында Иранның нанотехнологиялар жөніндегі бастамашыл кеңестің хатшысы Саид Саркар мәлім етті. Ол осылай дей келе елде аталмыш ғылым саласының шапшаң қарқынмен дамып келе жатқанын жеткізді. «Иран нанотехнология саласындағы халықаралық стандарттарды тіркеу бойынша әлемде бесінші орында тұр. Бүгінгі таңда Иранда тіркелген жаңалықтардың шамамен 31%-ы нанотехнологиямен байланысты. Алайда, инновациялық жаңалықтарды тіркеу құнының өсуіне байланысты олардың саны 2011 жылы 26-дан 2014 жылы 11-ге дейін кеміген»,- деді ол. 

0 пікір