Мысырда күпірлікке қарсы күрес күшейді
Мысырда күпірлікке қарсы күрес күшейді
9 жыл бұрын 2391

Мысырда атеизм және Алла тағалаға тіл тигізу секілді жат әрекеттерге, яғни, күпірлікке қарсы күрес күшейтілді. Пирамидалар елінің Атазаңында әлемдік үш дінге, атап айтқанда, ислам, христиан және иуда діндеріне тіл тигізуге заңмен тыйым салынған болатын. Мәселен, 2012 жылы 27 жастағы блогер құдайға тіл тигізгені үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды. Ал өткен жылдың, яғни, 2014 жылдың маусым айында коптық христиан ислам дініне тіл тигізгені үшін алты жылға сотталды. Жуырда Facebook әлеуметтік желісінде өзін атеист санап, ислам дінін қаралаған студент те үш жылға темір тордың ар жағына тоғытылды. 21 жастағы ұлының үстінен «исламға қарсы экстремистік көзқарасқа қолдау білдірді»  деп куәлік еткен әкесінің шағымы негізінде жас жігітке 140 доллар мөлшерінде айыппұл салынды. 

0 пікір
Мұрағат