Мысырда ел премьері мен ІІМ басшысының қажылығы жайында талас-тартыс өршіді
Мысырда ел премьері мен ІІМ басшысының қажылығы жайында талас-тартыс өршіді
10 жыл бұрын 2937

Естеріңізде болса, осыдан бір айдай бұрын Мысыр президенті Әбдіфаттах ас-Сисидің қажылығы турасында хабар таратып, видеосын сайтымызға орналастырған едік. Бұл жолы пирамидалар елінің премьері Ибрагим Махлеб пен Ішкі істер министрі Мұхаммед Ибрагимнің президент Әбдіфаттах ас-Сисимен бірге Құрбан айт намазына қатысқаны қоғамда талас-тартыс тудырды. Бұл арада әңгіме аталған саясаткерлердің жұма күні қажылық рәсімдерді орындап, келесі сенбіде Құрбан айт намазына қатысқаны жайында болып отыр. Лауазымды тұлғалардың қажылық парызын толық өтемей (қасиетті Қағбаны айналу, шайтанға тас лақтыру, Мұздалифа жазығында түнеу, т.б.) жатып, кетіп қалғаны араб әлемінде дүрбелең тудырды. «әл-Арабия» ақпарат көзінің хабарына қарағанда, Ибрагим Махлеб Каир қаласына қажылықтың негізгі рәсімдері – Арафатта тұрып, қасиетті Қағбаны айналғаннан кейін оралған.  Осыған байланысты әлемге әйгілі «әл-Азһар» университетінің жетекшісі Әбдіхай Азб қажылық Арафатта тұрып, ал қалған рәсімдерді өзге біреуге жүктеп кеткен соң ғана орындалған болып саналатынын турасында мәлімдеме жасады. Ал аталмыш жоғары оқу орнының тағы беделді тұлғасы, шейх Ахмет Крима бұған қарсы пікір білдірді. Оның айтуынша, ІІМ басшысының қажылығы дұрыс емес. Қажылықтың өзге рәсімдерін орындамай тұрып, қасиетті Қағбаны айналуға болмайды. Сондай-ақ, ол өзінің орнына қалған рәсімдерді орындауды өзге біреуге тапсырып кетудің де дініміздің талаптарын елемегендік болып табылады әрі кейін лауазымды тұлғаның бұл әрекеті жаппай әдетке айналып кететінінен де қауіптенетінін жасырмады.

0 пікір
Мұрағат