Мысыр мешіттерінің кейбірінде ғана тарауих пен иғтикаф өткізіледі
|
Мысыр мемлекетінің билігі Рамазан айының жақындауына байланысты ислам дініне деген қысымды күшейте түсті. Жаңа шектеу бойынша, елдегі көптеген мешіттерде қасиетті Рамазан айында орындалатын діни рәсімдерге тыйым салынды.
Мысыр елінің Уақыптар министрлігі «мешітке келушілердің денсаулығы мен қауіпсіздігіне» алаңдағандықтан, мешіттер қызметіне шектеу қойғандықтарын мәлімдеді. Мысалға, 17 000 000 халық тұратын Үлкен Каирде иғтикаф өткізуге бар болғаны 247 мешіт рұқсат алса, тарауих намазын өткізетін мешіттер саны 196 ғана.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Генетикалық ақпараттың берілуінің тағы бір тетігі анықталды
■
Жаһандық проблемаға байланысты жыл өткен сайын азық-түлік қымбаттай беретін болды
■
2100 жылға қарай барлық дерлік елде бала туу көрсеткіші өсу деңгейінен төмендейді
■
Суды микропластиктен қайнату арқылы тазартуға болатыны анықталды