Мысыр арабтардың әскери одағынан бас тартты
Мысыр арабтардың әскери одағынан бас тартты
5 жыл бұрын 2123 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Мысыр билігі Таяу Шығыс стратегиялық альянс (MESA, әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарында "арабтардың НАТО-сы" аталып кеткен әскери одақ) құрамына кірмейтінін мәлімдеді. АҚШ-тың қолдауымен аймақтағы Иранның ықпалына қарсы құрылуы тиіс аталмыш одақ құрамына Парсы шығынағының алты елі (Бахрейн, Катар, Кувейт, Оман, Біріккен Араб Әмірлігі  және Саудия), сондай-ақ, Мысыр мен Иордания кіруі тиіс болатын. Мысыр билігінің таяу болашақта құрылуы тиіс аталмыш одақ құрамына енуден бас тартуына Иранмен арадағы жанжалға араласқысы келмейтінмен түсіндірді. Десе де халықаралық сарапшылар бұл одақтың болашағына күмәнмен қарап отыр - аталмыш аймақтағы елдердің арасындағы ауызбіршіліктен гөрі алауыздықтың басым екенін қаперге ала отырып. Оның үстіне, Саудия бастаған аймақтағы елдер Катарды әлемнен оқшаулап, байкот жариялағанын да қаперде ұстаған жөн. АҚШ-тың бастамасымен бұл жобаның пайда болғанына табаны күректей 8 жыл (2011 жылы) өткенін де ескеру керек, десе де АҚШ Иранмен текетірестің жаңа деңгейге көтерілуіне байланысты бұл одақтың құрылуына мүдделі болып отыр. Десе де сарапшылар бұл әскери блоктың арабтардың монархиялық билігін сақтауға мүмкіндік беретінін жасырмайды. 

0 пікір
Мұрағат