Мыстан аулау әлі тоқтаған жоқ
Мыстан аулау әлі тоқтаған жоқ
2 жыл бұрын 1666

Танзанияның батысында ықпалы күшті бақсы-балгерлердің бастамасымен мыстан аулау науқаны жарияланғалы бері бұл елде жантүршіктірерлік оқиғалар көбейіп кетті. Мәселен, жуырда Муруфити елді-мекенінде ессіздікке бой алдырған тобыр жеті бірдей адамды сиқырлықпен айналысты деген желеумен тірідей өртеп жіберді. Бұл жайында австралиялық The Special Broadcasting Service ақпарат агенттігі хабар таратты. Қасақана кісі өліміне кінәлі 23 адам тұтқындалды. Олардың арасында осы елді-мекеннің балгері де бар. Танзанияның ауылдық жерлерінде сиқырлық пен қара магия кеңінен тараған. «Адам құқығы жөніндегі заң орталығының» құқық қорғаушылары мәлімдегендей, Танзанияда жыл сайын керітартпа соқыр сенімнің кесірінен шамамен 500 адамның өмірі қиылады екен. 2005-2011 жылдар аралығында сиқырлықпен айналысты деп айыпталған 3000-дай адам ауыр да азапты өліммен көз жұмған. Олардың дені – әйелдер.

0 пікір