Мынау жын ба, не өзі? (ВИДЕО)
Мынау жын ба, не өзі? (ВИДЕО)
2 жыл бұрын 4876 www.islam.kz

Мына видеода көрінген бейне жын ба, жоқ басқа ма? Жұрт аузында қазір осы видео әңгіме болуда. Оқиға Аргентина елінің Санта Фе қаласында болған.

Аргентиналық екі жастағы Бенжамин есімді бала ылғи бір бұрышқа барып біреумен сөйлескендей болады екен. Мұны байқаған Бенжаминнің ата-анасы балаларының бұл қылығын қызықтап камераға түсірмек болады. Алайда күтпеген бір көрініске тап келеді. Ата-ана камераға түсіріп тұрғанында Бенжаминнің артқы жағынан бойы аласа бір сұлба жүгіріп өтеді. Бұл не сонда? Жын ба, жоқ басқа ма?

Камераға түсіп қалған бұл мақұлықтың сұлбасы Гарри Поттер киносындағы «үй жыны» атанған, компьютерлік анимацияның көмегімен жасалған Доббиге ұқсағандықтан базы біреулер бұны да компьютерлік графиканың өнімі дейді. Ал көбі жын деп сенеді. Сізше не болды екен бұл көрініс?

Гарри Поттер киносындағы үй жыны "Добби"

4 пікір