Мұсылмен емес елдегі христиандарға да ортақ шариғи ипотека
Мұсылмен емес елдегі христиандарға да ортақ шариғи ипотека
5 жыл бұрын 2504 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ұлыбританияда банк мекемесі мен қаржы компаниясы ел тұрғындарына тұрғын үй сатып алуы үшін шариғат талаптарына сай қаржы береді. Аталған елдің қаржы саласындағы  HSBC және Lloyds Bank секілді аса ірі ойыншылар нарықтан кеткен бес жылдан аса мерзім аралығында ислами ипотека тек сұранысқа ие сала болып қалған еді. Ендігі жерде бұл нарыққа енді келген Gatehouse Bank бұл секторды қайта жандандыруды көздеп отыр. Бұл жайында The Telegraph ақпарат көзі хабар таратты. Яғни, аталған банктер ұсынатын ислами ипотекада пайыз болмайды, есесіне банкке тиесілі жылжымайтын мүлік үшін жалдау ақысы түрінде толық құны өндіріліп алынады. Аталмыш банк ел аумағындағы мұсылмандарға ғана емес, сонымен қатар, наным-сенімі өзге тұрғындарға да ислами ипотеканы ұсынады. "Біз қару-жарақ, ішімдік өндірісіне қары құймаймыз, құмар ойындарға қаржы бөлмейміз. Бірде-бір аса ірі банк мұндай кепілдік бере алмайды. Бұл мәселелерле жастар қадамын байқап басатын болған",- деді Gatehouse өкілі Чарльз Хэрснейп.

0 пікір
Мұрағат