Мұсылманды алғаш рет көрді
Мұсылманды алғаш рет көрді
2 жыл бұрын 783

Уэльстің беделді мұсылман жетекшісі, дәлірегі, Уэльс мұсылмандар кеңесінің бас хатшысы Сәлім Кидуайдың басынан жағымсыз оқиға өтті. Басынан бастасақ, оны Кередигион графтығына қарасты ауылдардың біріне қазіргі мұсылмандар басындағы әділетсіздік пен мұсылмандар туралы бұқаралық ақпарат құралдарындағы бұрмалаушылықтар жайында дәріс оқуға шақырмай ма. Мұсылманның келетінін білген жергілікті тұрғындар полиция шақыртқан. Бұл жайында The Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты. Сәлім Кидуай келгенде жергілікті тұрғындар қалың тоғай, ну жыныстан – жунглиден папуас келгендей таңырқай қараған. Өйткені, олар өмірлерінде алғаш рет мұсылманды өз көздерімен көріп тұрған еді. Мұсылмандар жайында тек БАҚ-тан естіп-білгендері болмаса. Әлбетте, полиция күдікті ештеңе таппаған, осы шараны ұйымдастырғандардың ниетін білгеннен кейін өз жөндеріне кеткен. «Мен оларды кінәлай алмаймын. Мен бұл түсінбеушіліктің сауатсыздықтан орын алып отырғанына сенімдімін. Менен кездесуден кейін Құранның даналарын беріп жіберуімді сұрағанын мақтан тұтамын», - деді ол.

1 пікір