Мұсылмандарға қарсы заң жобасы қабылданып кетті
Мұсылмандарға қарсы заң жобасы қабылданып кетті
5 жыл бұрын 3539 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Үндістан парламентінің төменгі палатасы мұсылман емес иммигрнаттарға ел аумағында тұрақты тұруға әрі осы елдің азаматтығын алуға құқық беретін заң жобасы қабылданды. Бұл өз кезегінде аталмыш елдің солтүстік-шығыс өңірі тұрғындарының наразылығына ұшырады. Парламенттің жоғары палатасы әлі мақұлдамаған заң жобасында Бангладештен, Пәкістаннан, Ауғанстаннан құжатсыз келген үндісі бар, жайнисі бар, парсылары бар және өзге де діни бірлестіктер мен қауымдастықтардың өкілдерінің Үндістан аумағында тұру құқығы қарастырылған. Al Jazeera ақпарат көзінің аталған елдің ішкі істер министрі Раджнатх Сингхке сілтеме жасай отырып таратқан хабары мен келтірген дерегіне қарағанда, Үндістанның билігі мұндай қадамға аталған түрлі діни ұйымдардың өкілдерінің басқа барар жері, басар тауы болмаған соң барып отырғанын хабарлады. Десе де бұл заң жобасында мұсылмандардың құқығы ескерілмегені әрі осы елдің байырғы тұрғындары саналатын, дені мұсылман тұрғындардың ашу-ызасын тудыруда. Бұл заң жобасы мұсылмандар көптеп шоғырланған Ассам штатында толқу тудырып, наразылық шеруі басылмай тұр. Өткен жылы 4 млн адам жергілікті билікке өздерінің үнді азаматы екенін дәлелдей алмай-ақ қойған болатын. Керісінше осы елдегі мұсылмандар елден қуылуы мүмкін. Үндістанның билік тізгінін ұстаған ұлтшылдар қайткен күнде де мұсылмандарды елден ығыстырып шығарудың түрлі қитұрқы әдіс-тәсілдері мен амал-айласын жатпай-тұрмай қарастырып жатыр. Тіпті, исламды еске түсіретін жер-су аттарын өзгертіп жатыр. 

0 пікір
Мұрағат