Мұсылмандардың бауырластар зираты табылды
Мұсылмандардың бауырластар зираты табылды
2 жыл бұрын 774

Малайзияның Тайландпен арадағы шекара маңында орын тепкен Перлис штатының батысында мұсылмандардың бауырластар зираты табылды. Онда ондаған мұсылман сүйегі жерленген. Полиция бауырластар зиратындағы сүйектірді Мьянма мен Бангладештегі буддашыл радикалдардан бас сауғалаған, азшылықты құрайтын рохиньялық мұсылмандардың мәйіті екеніне шек келтіріп отырған жоқ. Бұл бауырластар мазары жуырда ғана қарасын батырған адам саудасымен айналысатындар лагерінен қашық емес жерден табылған. Бұл жайында Малайзияның ішкі істер министрі Ахмет Заһид Хамиди мәлім етті. Осыдан біршама уақыт бұрын Тайландтың оңтүстігінен рохиньялық босқын мұсылмандардың тағы бір бауырластар зираты табылғаны жайында хабар таратқан едік. Оларды адам саудасымен айналысатындар қинап, азаптап өлтіргенін анықтады криминалистер. Кейбіреуін тірідей көміп тастаған болатын.

0 пікір