Мұсылмандарды қынадай қырған «қызыл кхмерлер» трибуналға тартылды
Мұсылмандарды қынадай қырған «қызыл кхмерлер» трибуналға тартылды
10 жыл бұрын 6506

Камбоджадағы азшылықты құрайтын чам ұлысының мұсылмандары өткен ғасырдың 70-ші жылдары кхперлік режимнің құрбаны болып, шолақ белсенділер тарапынан қуғын-сүргінгі ұшыраған болатын. Нақтырақ айтқанда, 1975 жылы билікті басып алған ультрамаосит тобының солақай саясатының кесірінен, яғни, жаппай жазалаудан, ауыр еңбекке жегуден, аштықтан 1,7 млн адам қырылған болатын. Қызыл кхмерлер билік басына келген тұста бұл елде чам ұлысын құрайтын 200000 мұсылман сау-саламат өмір сүріп жатқан еді. Аталмыш топ 4 жыл билік басында болған уақыттың ішінде мұсылмандардың үштен бірі қырылып қалған болатын. Бұл жайында World Bulletin ақпарат көзі хабар таратты. Камбоджадағы осынау жүйелі түрде жүзеге асырылған қырғынға геноцид деген баға беріліп, бүгінгі таңда тарих бетінде қара дақ болып қалған сұмдық іс Біріккен Ұлттар Ұйымының трибуналында қаралып жатыр. Камбоджаның бұрынғы президенттері Кхиеу Сампхан және Нуон Чи, сондай-ақ, экс премьер-министрдің оң қолы болған Пол Пот адамзатқа қарсы қылмысы үшін өмір бойы бас бостандықтарынан айырылған еді. Оларға «геноцидті ұйымдастырды» деген тағы бір айып тағылып отыр. Сонымен қатар, осы елдегі 20000 вьетнамның да түбіне жеткені әшкере болған.

0 пікір
Мұрағат