Мұсылмандарды арнайы қосымша арқылы бақылайтын болады
Мұсылмандарды арнайы қосымша арқылы бақылайтын болады
7 жыл бұрын 3497 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі Синьцзян-Ұйғыр ауданында тұратын мұсылмандарды Jinwang деп аталатын қалта телефонының арнайы қосымшасын орнатуға міндеттеді. Аталмыш бағдарлама осы аймақтағы мұсылмандардың қалта телефонындағы әрбір әрекетін қадағалауға мүмкіндік береді. Егер қытай билігінің бұл талабын орындаудан, яғни, қосымшаны орнатудан бас тартқандар болса, оларды он күнге абақтыға жауып, жазалайды. Бұл бағдарлама фон режимінде жүктелген файлдарды, электрондық кітаптардың мазмұнын, фото-суреттерді, видеоларды қадағалайды. Егер террористік сарындағы материал бар екені анықталса, аталған бадарлама қалта телефонының иесіне дереу белгі береді. Бұл белгіні алған телефон иесі күмәнді материалды дереу өшіріп тастауы немесе жоюы керек. Сондай-ақ, аталған бағдарлама WeChat чат-қосымшасындағы, қытайдағы аса танымал Weibo әлекметтік желісіне тіркелгендердің мәліметтеріне, SMS жазбаларына, тіпті, Wi-Fi логині мен пароліне кіре алады. Бұл деректер мемлекеттік сервиске жөнелтіледі әрі тексеріледі. Осы телефон қосымшасы арқылы қытай билігі аталған аймақтағы мұсылмандарды ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстайтын болады. Өткен жылы аталмыш аймақтағы мұсылмандар WhatsApp секілді әйгілі коммуникациялық қызметтерді пайдаланудан қағылған болатын. Тағы бір айта кететін жайт, аталмыш аймақ полициясы кез келген уақытта, кез келген адамның үйіне кіріп, тінту жүргізу құқығына ие болды. 

0 пікір
Мұрағат