Мұсылмандар санына шектеу енгізуді жақтады
Мұсылмандар санына шектеу енгізуді жақтады
9 жыл бұрын 2058

YouGov зерттеу компаниясы жүргізген сауалнамаға қатысқан Дания тұрғындарының  50%-ы елдегі мұсылмандар санына шектеу енгізуді жақтайтынын білдірген. Сарапшылар сауалнама нәтижесін талдай келе елдегі толеранттылықтың кері кеткеніне алаңдаушылық білдірген. Яғни, мұсылмандар санын шектеуді жақтайтындардың айтуынша, елдегі мұсылмандар қарасы халық санына шаққанда 5 пайыздан аспауы тиіс.  Ал 42%-ы мұндай шектеу енгізуге қарсы. Олар өз кезегінде адамдарды діни сеніміне қарай алалап, жікке бөлудің арты жақсылыққа апармайтынын жеткізген. 7%-ы елде бірде-бір мұсылманның болмағанын қалайтындарын жасырмады. The Local басылымының хабарына қарағанда бүгінгі таңда Данияда халық санына шаққанда бес пайызға жетпейтін мұсылман жамағаты өмір сүріп жатыр.

0 пікір
Мұрағат