Мұсылмандар мазарын тас-талқан етіп кетті
Мұсылмандар мазарын тас-талқан етіп кетті
7 жыл бұрын 2992 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Еуропаның қақ төрінде, дәлірегі, Швейцариядағы Лозанна қалалық бейітінің мұсылмандар жерленген бөлігі вандалдардың шабуылына ұшырады. Жергілікті полиция келтірген дерекке қарағанда, 20-ға тарта мұсылман зираты вандалдардың қолынан зардап шеккен. Белгісіз қаскүнемдер қабірге қойылған гүл шоқтарын лақтырып, марқұмдардың аты-жөні жазылған тақтайларды сындырып, т.б. ойларына келгенін істеген. Бұл жайында The Local ақпарат көзі хабар таратты. Мұсылмандарға қаны қарайған исламофобтар мұндай тағылықпен шектеліп қалмай "Мұсылмандар Швейцариядан кетіңдер" деп доқ көрсетіп, жазу қалдырып кеткен. Аталмыш қала полициясы вандализмге қарсы қылмыстық іс қозғады. Айта кетейік, бұл қаладағы мұсылмандар зиратының ашылғанына көп уақыт өте қойған жоқ - 2016 жылы ашылған болатын. 

0 пікір
Мұрағат