Мұсылмандар эвтаназияға қарсы
Мұсылмандар эвтаназияға қарсы
9 жыл бұрын 4381

Шотландиядағы мұсылман жамағатының жетекшілері ел парламентінде талқыланып жатқан эвтаназия (адамның өз еркімен өмірден кетуін жүзеге асыратын процедура) туралы заң жобасына наразылықтарын білдірді. Алланың аманат етіп берген жанына қиянат жасауға жол ашатын заң жобасына наразылық білдіріп, халық қалаулыларына хат та жолдады. Аталмыш заң жобасын өткен жылы Паркинсон сырқатынан көз жұмған депутат Марго Макдональд көзі тірі кезінде білдірген ұсынысынан кейін қарастырып жатқанын айта кету керек. Мұсылмандардың бұл наразылығына Шотландия шіркеуі де қосылып отыр. Христиан көсемдері де суицидтің бұл түрін заңдастыруға қарсы.

0 пікір
Мұрағат