Мұсылмандар әлемін құтқару үшін БАҚ өкілдері бас қосуда
Мұсылмандар әлемін құтқару үшін БАҚ өкілдері бас қосуда
2 жыл бұрын 665

Иранда өтетін ақпарат министрлерінің ислам конференциясының Х сессиясында «Ислам әлеміндегі бейбітшілік пен тыныштық үшін бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтасу» тақырыбы қозғалады. Яғни, мұсылман әлемінің алдында тұрған көкейкесті әрі түйткілді мәселелер жан-жақты сөз болады. Соның ішінде, БАҚ-тың Ақса мешітін Израилдің басқыншылығынан әрі иудаландыру саясатынан қорғау жолындағы іс-қимылдары талқыланады. Сондай-ақ, экстремизммен және исламофоиямен күресу бағытында ИЫҰ-на мүше мемлекеттердің ақпарат мекемелері мен халықаралық ақпарат мекемелерінің ынтымақтасу жолдары да назардан тыс қалмайды. ИЫҰ-на мүше 57 елдің бұқаралық ақпарат құралдары және коммуникация министрлері сәрсенбі және бейсенбі күндері өзара бас қосып, талқыланған мәселелерді тағы бір пысықтайды.

0 пікір