Мұсылман шенеуніктер қызметтен шеттетіліп жатыр
|
Қытай билігі Синьцзян провинциясында 15 мұсылман шенеунігін жұмыстан қуды. Дініне адал болғаны үшін. Яғни, намаз оқу, т.б. дін талаптарын қатаң сақтағаны үшін мұсылман шенеуніктеріне осылайша қысым көрсетілуде.
Қытайда мемлекеттік қызметкерлерге өз наным-сенімі бойынша жүріп-тұруына қатаң тыйым салынған. Жұмыстан шеттетілген шенеуніктердің барлығы Қашғар қаласының мұсылмандары. Ең сорақысы, Қытайда мешіттен өзге жерде ислам ілімін зерделеуге ресми тыйым салынған. Яғни, бұл елде медреседен білім алуға болмайды. Балаларының діни сауатын ашқысы келетін ата-аналар астыртын жұмыс істейтін мектептердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болып отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Генетикалық ақпараттың берілуінің тағы бір тетігі анықталды
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Жаһандық проблемаға байланысты жыл өткен сайын азық-түлік қымбаттай беретін болды
■
2100 жылға қарай барлық дерлік елде бала туу көрсеткіші өсу деңгейінен төмендейді
■
Суды микропластиктен қайнату арқылы тазартуға болатыны анықталды