Мұсылман палуаны сақал қоюға рұқсат алды
Мұсылман палуаны сақал қоюға рұқсат алды
10 жыл бұрын 4007

Нью-Йорк мегаполисінің студенті Мұхаммед тыйым салынғанына қарамастан сақалмен күреске қатысу құқығын жеңіп алды.

«Мұсылмандардың көбісі өз құқықтарын білмейтіндіктен осы шектеумен келісіп жатады», - деді Баффало университетінің 17 жастағы студенті Мұхаммед Макбрайд.

Ұлттық мәртебесі бар жоғары оқу орындары қауымдастығының ережесіне сәйкес боз кілемге шығатындар жып-жылмағай болып қырынып келуі тиіс. Өткен жылдың желтоқсан айында сақал жібергені үшін мұсылман палуаны 20 жекпе-жекті жіберіп алды. 

Мұхаммедке діни құқығын қорғауда Америка-Ислам қатынасы жөніндегі кеңестің сарапшылары көмектескен көрінеді. Осының нәтижесінде студент 2014-2015 жылдары өтетін жарыстарға қатысуға мүмкіндік алады.

0 пікір
Мұрағат