Мұсылман ғалымдарының халықаралық одағына он жыл толды
Мұсылман ғалымдарының халықаралық одағына он жыл толды
10 жыл бұрын 3136

Осы аптада Катар астанасы – Доха қаласында халықаралық мұсылман ғалымдар одағының он жылдығына арналған баспасөз мәжілісі өтті. Жиынды аталмыш одақтың төрағасы, шейх Жүсіп әл-Кардауи ашты. Ол мұсылман үмбетін табалдырықтан аттағалы тұрған қасиетті Рамазан айымен құттықтап, одақтың 4-ші құрылтайы тамыз айының 20-22 күндері аралығында Ыстамбұл шаһарында өтетінін хабарлады. Сондай-ақ, ол одақтың бағыт-бағдары мен тарихына қысқаша шолу жасады. Үкіметтік емес ұйым болып табылатын одақтың алғашқы құрылтайы 2004 жылы Дублин қаласында өткенін еске салып өтті.

0 пікір
Мұрағат