Мұсылман еліндегі христиани неке неге соншалықты дау тудырды
Мұсылман еліндегі христиани неке неге соншалықты дау тудырды
4 жыл бұрын 1912 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Пәкістанда Христиани неке және ажырасу туралы актіге өзгертулер енгізуге қатысты заң жобасы билік тармақтарының арасында, дәлірегі, адам құқығы жөніндегі министрлік пен құқық және әділ сот министрлігі арасында талас-тартыс тудырды. Пәкістандық Dawn ақпарат агенттігі таратқан хабар мен келтірген дерекке қарағанда, аталмыш ел билігі Пәкістанның Британия отары атанған кезде пайда болған христиандарға арналған неке заңнамасына реформа жүргізіп келе жатқанына талай уақыт өткен. Осы жылдың тамыз айында адам құқығы жөніндегі министрлік жетекшісі Шырын Мазари аталмыш заң жобасының парламентте мақұджанаптынына сенім білдіргенімен құқық және әділ сот министрлігі бұл құжатты сынға алды. Құқық және әділ сот министрлігі ел аумағындағы ең ірі қауымның – католиктердің мүддесін қорғап отыр. Аталмыш заң жобасының католиктердің мүддесімен ұштасқанын қалайды. Ал Пәкстандағы католик шіркеуінің өкілі Джеймс Шаннанның айтуынша, 1870 жылы қабылданған «Христиандардың ажырасуы туралы заң» Шіркеу іліміне қайша келеді. Пәкістандық католиктер өздерінің некелесуі мен ажырасу рәсімдерін реттейтін қандай да бір заңға наразылық білдіріп отыр. Өйткені, Пәкістандағы католиктердің некелесуі мен ажырасуына қатысты акті Ватикан тарапынан мойындалмайды. Бұл талас-тартыс өз кезегінде отаршылдық кезден қалған заңнама реформасына кедергі келтіруде. Осылайша отаршылдықтың сызы кетпеген салдарынан аталған мұсылман елі әлі күнге зардап шегіп келеді. Осы күні сәнге айналған толеранттылық бағытында қабылданған қажетсіз заңнамалар қолдан жасалған алауыздық пен араздыққа жол ашып беріп отыр: ұлттық бірегейлік пен тұтастыққа сына қағуда. Яғни, келімсектер мен солардың сойылын соққандар есебінен орын алған жасанды «толеранттылық»  Сөз орайы келгенде айта кету керек, аталған елде азшылықты құрайтын діни және этникалық топтардың мүддесін министрлік деңгейінде қорғау тәжірибесі 2008 жылдан бері қолданылып келеді. Бұл елдегі азшылықты құрайтын христиандар, сикхтар, индустар, т.б. заңмен қорғалады. Қандай да бір қысым немесе жәбір-жапа көрмесі үшін. Десе де дәл көрші жатқан Үндістанда керісінше жағдай орын алып отыр. Билік басындағы ұлтшылдар ең алдымен елдегі мұсылмандардың құқықтарын аяқ асты етіп, ислами жер-су аттарын өзгертіп, тарихи фактілерді жоққа шығарып, үнді радикалдарының қолтығына су бүркіп отыр.

0 пікір
Мұрағат