Мұсылман елінде ислами банкинг қызметін таңдайтын мұсылман еместердің қарасы артып келеді
Мұсылман елінде ислами банкинг қызметін таңдайтын мұсылман еместердің қарасы артып келеді
6 жыл бұрын 2135 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Islamic Banking Index Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ислами қаржы мекемелерінің қызметі мен өнімін тұтынатын мұсылман емес клиенттердің осымен үшінші жыл қатарынан қарасы артқанын тіркеді. Қазіргі уақытта аталмыш ел тұрғындарының 52 пайызы ислами банкинг қызметі мен өнімін тұтынады екен. Бұл сан 2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда бес пайызға көп. Ал ислами банкинг қызметі мен өнімін тұтынатын осы елдегі мұсылман емес тұрғындардың қарасы 7 пайызға көбейген. Emirates Islamic мекемесінің бас директоры Жамал бин Гхалайта шариғат талаптары бойынша ұсынылатын ислами банкинг қызметі мен өнімі мұсылман емес тұрғындардың сенімін жаулап алғанын жеткізді. Нақтырақ айтқанда, мұсылман емес клиенттердің 29 пайызы депозит бойынша ең қолайлы ставканы белгілейді екен ислами банктер.

0 пікір
Мұрағат