Мұсылман елі қанатты зымыранды сынақтан сәтті өткізді (видео)
Мұсылман елі қанатты зымыранды сынақтан сәтті өткізді (видео)
4 жыл бұрын 1480 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Пәкістанның қарулы күштері Ra'ad-II авиациялық қанатты зымыранды сынақтан сәтті өткізді. Аталмыш зымыран 600 шақырымға дейін қашықтықтағы жаудың нысанасын жоя алады. Осы заманғы навигациямен әрі нысанаға алу жүйесімен жабдықталғандықтан көздеген нысанасын мүлт жібермейді. Бұл жайында Пәкістан ислам республикасы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. Таспаға тартылып қалған, пәкістандық әскерилер жариялаған көріністен байқалғандай, авиациялық қанатты зымыран Dassault Mirage III бомбалаушы жойғыш ұшағынан жіберілген әрі полигондағы нысанасын жермен-жексен еткен.

0 пікір
Мұрағат