Мұсылман елі бір жолғы шприцтен бас тартып, қауіпсіз, өздігінен істен шығатын шприцті пайдаланады
Мұсылман елі бір жолғы шприцтен бас тартып, қауіпсіз, өздігінен істен шығатын шприцті пайдаланады
4 жыл бұрын 3340 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қазан айының 30-ы күні Пәкістан премьер-министрінің арнайы көмекшісі Зафар мырза келесі жылдың наурыз айының аяғында қаупті аурулардың таралу қатерін арттыратын бір жолғы пайдаланылатын шприцтен бас тартып, оның орнына қауіпсіз әрі өздігінен істен шығатын шприцті пайдалануға көшетіндерін мәлімдеді. Пәкістанның Samaa TV телеарнасының хабарына қарағанда, бір жолғы пайдаланатын шприцті қайталап пайдаланудан ВИЧ, В және С гепатиті секілді қауіпті аурулардың таралуына түрткі болып отыр. Бір жолғы шприцтерді, әсіресе, жекеменшік емханалар шприцке жұмсалатын қаржыны үнемдеу үшін оны үш мәрте қайталап пайдаланып жатады. Біріккен Ұлттар Ұйымының келтірген мәліметі бойынша жыл сайын әлемде 160 мың адамға дейін шприцтерді қайталап пайдаланудан ВИЧ инфекциясын жұқтырады екен. Қанша жерден зарарсыздандырылғанымен бір жолғы шприцтер ауру таратын құралға айналған. Өздігінен «жойылатын» қауіпсіз шприцтің бір жолғы шприцтен қандай айырмашылығы бар? Оның цилиндірінің ішінде ерекше құрылғы бар – пайдаланған соң инені ішіне тартып алатын. Яғни, поршен мен инені ұстайтынды жалғайтын. Поршен кері қайтқанда инені ұстайтын құрылғыны тартып, иненің өзін цилиндірдің ішінде қалады. Басынан бастап түсіндірсек, шприц әдеттегіше дәрі ерітіндісімен толтырылады. Адамға егу жүзеге асырылған соң инені ұстайтын құрылғы мен поршен бір-бірімен байланып, жабылады. Соңғы кезеңінде поршен инені ұстайтын құрылғыдан ажырап, ине цилиндр ішінде қалады. Екінші қайтара пайдалануға келмейді.

0 пікір
Мұрағат