Мұсылман елі АҚШ-пен әскери ынтымақтастығын үзетін болды
Мұсылман елі АҚШ-пен әскери ынтымақтастығын үзетін болды
6 ай бұрын 1071 islam.kz сайтына сілтеме берілуі міндетті

Пәкістанның қорғаныс министрі Хуррам Дастгир Хан аталған елдің АҚШ-пен әскери және барлау саласындағы ынтымақтастығын тоқтататынын мәлімдеді. "АҚШ Пәкістанды Ауғанстандағы жеңіліспен аяқталған соғысында пайдаланды",- деп ашына мәлімдеді ол. Пәкістанның АҚШ-пен арадағы қатынасы күннен күнге қиындап барады. Пәкістан қорғаныс министрінің бұл мәлімдемесі соның бір көрінісі әрі екі елдің арасындағы дипломатиялық кері кетудің тағы бір қадамы десе де болады.  АҚШ билігі Пәкістанның саяси элитасынан тәліптер қозғалысына қатысты ұстанымын өзгертіп, олармен ымырасыз күресуді талап етіп отыр.  АҚШ билігінің талабы Пәкістанның сыртқы әрі ішкі мүддесіне көптеген факторлар бойынша қайша келеді.  Ауғанстан көрші мемлекет. Бұған қоса, тәліптер қозғалысы батыс елдерінің аттанға айқай қосып шулататындай, террористер емес екенін мойындайды. Тәліптер қозғалысы ауғандықтар үшін ұлтты азат ететін партизан іспеттес. Тәліптермен күресетін болса, күллі ауған халқын өзіне қарсы қойып, жау етіп алудан қауіптенеді.

0 пікір
Мұрағат