Мұсылман елдерінің экономикасы өседі
Мұсылман елдерінің экономикасы өседі
7 жыл бұрын 2698 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бүкіл әлемдік банк мамандары Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдер экономикасының өркендейтінін айтып отыр. Аталмыш іргелі қаржы ұйымының баяндамасында айтылғандай, Сауд Арабиясының экономкасындағы өсім биыл 1,6%-ды құрайтын болады, ал Иран - 5,2%. Индонезияда бұл көрсеткіш - 5,3%; Малайзияда - 4,3%. Reuters агенттігінің сарапшыларының келтірген дерегіне қарағанда, ислам экономикасы 2016 жылы 1,9 триллион доллардан 2021 жылы 3 трлн долларға дейін артады. Ал ислами құнды қағаздар көлемі тиісінше 2-ден 3,5 трлн долларға жетеді. Сарапшылар, сондай-ақ, халал индустриясына салынатын инвестиция мөлшері артатынын да алға тартып отыр. 

0 пікір
Мұрағат