Мұсылман бойжеткеннің бастамасы қоғамды қақ жарды
Мұсылман бойжеткеннің бастамасы қоғамды қақ жарды
6 жыл бұрын 4915 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сайида Фауза есімді Жаңа Зеландиялық мұсылман бойжеткен Facebook әлеуметтік желісінде KFC мейрамханалары мен дәмханаларында фаст-фудты шариғат талаптарына сай дайындау турасында бастама көтерген екен. Осы мақсатта «Жаңа Зеландияға халал KFC қайтып оралса екен» (We Want HALAL KFCs Back In New Zealand) деп аталатын қозғалыс бірнеше күннің ішінде мыңдаған жақтас жинады. Бір айдан соң белсенділер ел басшылығын нәсілдік және діни кемсітушілікке жол беріп отырғаны үшін айыптады. Аталмыш қозғалыстың жақтастары мен қарсыластары Жаңа Зеландия қоғамын қақ жарды десе де болады. Мұсылман бойжеткеннің бастамасына өзге елдердегі мұсылмандар да қолдау білдіріп отыр. Дәлірегі, Индонезияда бастамаға қолдау көрсеткендер науқан ұйымдастырды. Нақтырақ айтқанда, жергілікті мұсылмандар McDonalds мейрамханалар желісінен де осы бағытта өзгерісті талап етіп отыр. Айта кетейік, Жаңа Зеландиядағы KFC өкілдері қалыаптасқан ахуалды қадағалап отыр, алайда, жауап беруге асығар емес. Артын күтуді жөн санаған секілді. Жағдайдың қалай өрбитініне қарай жауап беруді құп көріп отыр. Тағы бір айта кететіні, бұрын KFC аталған елде халал тағамдар ұсынуға талпыныс жасап көрген. Неге екені белгісіз, бұл талпыныстары аяқсыз қалған болатын.

0 пікір
Мұрағат