Мұсылман әйел БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
Мұсылман әйел БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
7 жыл бұрын 2884 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антони Гутеррештің бірінші орынбасары болып Әмина Мұхаммед есімді мұсылман әйел тағайындалды. Ислам әлеміне күйе жағылып, мұсылман елдерінде болып жатқан аласапыран уақытында мұндай іргелі ұйымның жетекші орындарына мұсылман әйелдің тағайындалуы құптарлық іс. "Мен тұрақты даму мақсатын жүзеге асыру бағытында күш жұмсаймын. Тұрақты даму - жер бетінде бейбітшілік орнатудың тиімді тәсілі",- деді ол Нью-Йорк қаласында өткен өзін ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде. Ол ең алдымен кедейлікпен күресуге бел буатынын жеткізді. Әмина Мұхаммед 1961 жылы туған. Білімді Нигерия мен Ұлыбританияда алған. Осы уақытқа дейін Нигерия президентінің кеңесшісі және Колумбия университетінің оқытушысы болып жұмыс істеген. Тұрмыста және алты баланың анасы. 

0 пікір
Мұрағат