Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) суреті салынған журнал шығатын болды
Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) суреті салынған журнал шығатын болды
9 жыл бұрын 8304

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (с.а.у.) суреті бейнеленген Charlie Hebdo журналы тағы да шығатын болды. Тіпті, 3 млн данамен шығаруды жоспарлап қойыпты. Онда Пайғамбарымыз (с.а.у.) ақ киім киіп, қолына "Мен Шарлимін" деген жазу ұстап тұратын көрінеді. Астындағы қара жолақта "Бәрі кешірілді" деп жазылатын болады" деп хабарлайды РИА новости. 

Журнал ертең 14-қаңтар, сәрсенбі күні шығады. Естеріңізде болса, осы журналдың редакциясы осыдан алдын белгісіз қарулы топтың шабуылына ұшыраған болатын. Журналдың қорғаушысы Ришар Малка дүйсенбі берген сұхбатында журналдың алдағы санында Мұхаммед пайғамбар (с.а.у.) бейнеленген және өзге діни, саяси карикатуралардың шығатынын мәлімдеген еді. 

2 пікір
  • баска жаналыктары курып калганба? ол француздарга не болган???
    9 жыл бұрын
  • АЛЛАнын елшисине тил тигизу улкен касирет коздерин шел басса керек олар орескел кателикке урынды
    9 жыл бұрын
Мұрағат