Мұхаммед Әли анасын қалай қорғап қалды?
Мұхаммед Әли анасын қалай қорғап қалды?
2 жыл бұрын 1002

Ұлыбританияның Бирмингем қаласында тұратын әрі аты аңызға айналған Мұхаммед Әлидің құрметіне есімі қойылған алты жастағы бала ұлттық қаһарман атанды. Бұған оның анасын тонаушылардан анасын қорғап қалғаны себеп болды. Бұл жайында Metro ақпарат көзі хабар таратты. Қарулы топ үйлеріне баса-көктеп кіргенде Мұхаммед Әли мен оның туыстары тамақтанып отырған болатын. Тонаушылар тапаншаны Мұхаммед Әлидің бір жастағы інісіне кезеп, өз талаптарын қояды. Яғни, ақша мен асыл тастарды беруді талап етеді. Мұхаммед Әлидің анасы қарақшылардың сұрағанын бермек болған кезде Мұхаммед Әли «Мамама тиіспеңдер!» деп қатты айғайлайды. Оның дауысын көршілер естіп қала ма деп қорыққан тонаушылар дереу қарасын батырады. Мұхаммед Әлидің анасы полицияға телефон шалғанымен тонаушыларды қолға түсірудің сәті түспеді. Мұхаммед Әлидің бұл ерлігі елге жайылып, ұлттық қаһарманға айналды. Жергілікті теледидарда сұхбат алынып, ғаламторға суреті орналастырылды.

1 пікір