Мүгедек екі дос 10 000-нан астам ағаш отырғызған (фото)
Мүгедек екі дос 10 000-нан астам ағаш отырғызған (фото)
2 жыл бұрын 1511

Біз сөз етіп отырған Цзя Хаикса және Цзя Вэньци — әлемдегі ең еңбекқор адамдар. Олардың біреуі туабітті зағип болса, екіншісі – екі қолынан айырылған. 

Екеуінің жасы келсе де олар 12 жылдан бері он мыңнан аса тал еккен. Олар осыдан он жыл бұрын жұмыс ііздеп жүріп, бір-бірімен танысып, табысқан екен. Цзя Хаикса ұлының сөзін әлі ұмытпайды: «Әке, бір баланың апельсинді қалай аршығанын көрдім. Иісі мұрын жарып, тіпті, мен оның дәмін татқандай болдым». Ол ұлының осы сөзінен кейін қол қусырып қарап отыра алмайтынын түсінген. 

Photo: Два инвалида посадили 10 000 деревьев (фото)
Photo: Два инвалида посадили 10 000 деревьев (фото)

Екі дос ағаштарды су тасқынынан қорғау үшін еңбек етуге бел буады. Олар өзеннің жағалауындағы жерді жалға алып, тал отырғызуға кіріседі. 

Photo: Два инвалида посадили 10 000 деревьев (фото)
Photo: Два инвалида посадили 10 000 деревьев (фото)

Олар құрал-саймаандарын алып, артынып, тартынып, таңертеңгісін ерте үйден шығады. Көшет сатып алуға олардың қаржысы жоқ, сол себепті, олар қысқа шыбықтарды жинап, егеді. 

Photo: Два инвалида посадили 10 000 деревьев (фото)
Photo: Два инвалида посадили 10 000 деревьев (фото)

Хаикса: «Ол – менің қолым»,- десе, Вэньци: «Ол – менің көзім», деп жауап берер еді. 
Photo: Два инвалида посадили 10 000 деревьев (фото)

Олар отырғызған ағаштарға жыл сайын көктем шыға мыңдаған құс ұшып келеді, ұя салады.  

1 пікір