Мүфтилер кеңесі: «Жоғарғы соттың шешімін конституцияға қайшы»
Мүфтилер кеңесі: «Жоғарғы соттың шешімін конституцияға қайшы»
9 жыл бұрын 2585

Мордовалық шенеуніктер мен жергілікті мұсылман жамағатының арасындағы мектеп қабырғасында оқушы қыз балалардың шариғат шәлісін жамылып жүруіне қатысты туындаған текетірес ақыры Ресей Федерациясының жоғарғы сотына дейін жетті. Алайда, жоғарғы сот мұсылмандардың талабын қанағаттандырмай тастады. Мүфтилер кеңесі жоғарғы соттың бұл шешімін конституцияға қайшы деп есептейді. Айта кетейік, жоғарғы соттың осы үкімі шықпай тұрып, Ресей Федерациясының Мүфтилер кеңесінің төрағасы әрі шейз Рабил Ғайнутдин РФ президенті Владимир Путинге осы мәселенің оң шешілуіне ықпал етуін сұрап, үшбу хат болдаған болатын. Мүфтилер кеңесі шағым түсіруші мұсылмандардың талабын қолдайды. «Біздіңше, жоғарғы соттың шешімі конституцияға қайшы келеді, сол себепті, шағым тек жоғарғы сот төралқасына ғана емес, сонымен бірге, РФ Конституциялық сотына да жолданатын болады. Ар-ождан және сенім бостандығының қай жерден басталып, қай жерден аяқталатынын туралы конституцияның қай жерінде айтылғаны жөнінде түсінік берсін. Конституцияда да, «Білім беру туралы» заңда да мектеп қабырғасында шариғат шәлісін жамылып жүруге тыйым салынған емес. Аймақ басшылары неге конституция бойынша әрекет етпейді. Біз мынаны түсінгіміз келеді: біз зайырлы, демократиялық қоғамбыз ба әлде атеистік қоғамбыз ба? Бүгін шариғат шәлісіне тыйым салса, ертең айшық (крест) тағып жүруге тыйым салынбасына кім кепіл?» - деп жазылыпты аталмыш мүфтилер кеңесінің порталында. «Бүгінгі күні шариғат шәлісі тақырыбы саясиландырылып жіберілді, сол себепті, сот шешімі – саяси шешім, құқықтық емес», - деп айтылған тағы бір жерінде.

 

0 пікір
Мұрағат