Мобилді мешіт Мәскеу көшелерін аралайтын болады
Мобилді мешіт Мәскеу көшелерін аралайтын болады
2 жыл бұрын 473

Мәскеу қаласының көшелерін мобилді мешіт аралайтын болады. Halal Guide командасы Ресей Федерациясының астанасында мешіттің жетіспеушілігіне байланысты осылайша амалдай тұруға мүмкіндік беретін жобаны қолға алып отыр. «Бүгінгі таңда Мәскеуде бар-жоғы төрт мешіт қана бар. Осы заманғы қаланың қаарбалас тірлігі мен мешіттердің шағын болуы, яғни, тарлық етуі жергілікті мұсылмандарға дер уақытында намаз оқуына мүмкіндік бермейді. Сол себепті, біз осындай жобаны қолға алдық. Тиісті сайтқа өтініш түсірсе болғаны, біз сол жерден табыламыз»,- деді аталмыш жобаның авторы Айрат Қасымов. Мобилді мешіт доңғалағы бар, тіркемеге алынатын, намаз оқитын және дәрет алатын шағын бөлмелі болып келеді. 

0 пікір