Микробтарға арналған интерактивті хайуанаттар бағы ашылды
Микробтарға арналған интерактивті хайуанаттар бағы ашылды
2 жыл бұрын 803
Амстердам қаласындағы Artis хайуанаттар бағында микробтарға арналған иетрактивті хайуанаттар бағы ашлды. Аталмыш хайуанаттар бағы зертханаға ұқсайды. Адамдар үлкен экраннан микро тіршілік иелеріні яғни, бактериялардың тіршілігін тамашалай алады. Сонымен қатар, бүгінгі таңда әлем жұртшылығын әбігерге салған Эбола вирусының да алып үлгісін тамашалауға болады. Бұған қоса, арнайы сканер адамдарға оның денесінде қанша микроб барын да айтып береді. «Микробтар барлық нәрседе бар. Сол себепті, микробиология экономиканың әр саласына қажет – денсаулық сақтау, тағам өнеркәсібі, құрылыс, мұнай саласы, дәрі-дәрмекте кездеседі. Біздің мақсат адамдарға табиғатта бәрі бір-бірімен байланысты екенін,  микробтар осынау байланыста маңызды рөл атқаратынын көрсетуде жатыр», - деді Микропии директоры Хэйг Балян (Haig Balian).
0 пікір