Мешітті өз еріктерімен тегін жөндейтін болды
Мешітті өз еріктерімен тегін жөндейтін болды
9 жыл бұрын 2416

Сауд Арабиясының провинциясындағы Асира елді-мекенінде 60-тан аса адам өздерін «мешіт қызметшілеріміз» деп атап, мұсылмандардың құлшылық үйін тегін әрі өз еріктерімен жөндеп беретін болды. Топ жетекшісі Ахмет Саид әл-Асмаридің айтуынша, олардың мұндай қадамға баруына кей мешіттердің жөндеу көрмегеніне байланысты айтқан арыз-шағымдары себеп болған. «Біз өз еркімізбен қолғабыс ететіндердің басын қостық. Талай адам бұл бастамаға қолдау білдірді. Өз еркімен көмектісі келетіндердің арасында дәрігерлер де бар»,- деді ол. Аталмыш жобаның ерекшілігі де сонда, бұл топ ешкімнен жылу жинамайды, олар мешіттің керек-жарағына жұмсалатын барлық шығынды өз қалталарынан төлейді әрі жөндеу жұмыстарын өздері жүргізеді. Олардың арасында өз саласын жақсы білетін құрылыс мамандары да, элекриктер де, сантехниктер де бар.

0 пікір
Мұрағат