Мешіттерге шабуыл жасау көбейіп барады
Мешіттерге шабуыл жасау көбейіп барады
9 жыл бұрын 3307

Үндістан

Үндістан қауіпсіздік қызметі елдегі медреселер мен мешіттерді «террористік әрекеттердің ошағы» деп айыптады. «Бұрын да Үндістан мешіттері мен медреселеріне қатысты мұндай негізсіз айыптаулар айтылатын. Алайда, бірде-бір хинди, бірде-бір күзет агенттігі нақты дәлел келтіре алған жоқ»,- деп мәлімдеді бүкіл үнділік мұсылмандар мәжілісінің жетекшісі Ислам Хан. Өткен жылдың қазан айында Үндістанның шығысында орын тепкен Батыс Бенгалия штатына қарасты Бардхаман ауданында бомба жасалатын жерасты шеберханасында абайсыздық пен ұқыпсыздықтан жарылыс орын алғаннан мұны ұлтшылдар мен ел билігі  мұсылмандардан көрген еді. Үндістан қауіпсіздік қызметінің мәліметіне сенсек, бұл жарылысты Бангладештің Жамағат-ул-мождахеттер ұйымдастырған. Полиция нақты дәлел таппаса да елдегі мешіттер мен медреселерге өшпенділікпен қарайтындар қарасы артқан. Соның жарқын мысалы ретінде мына фактіні де айтпай кетуге болмас: Ашура күнінде Дели мегаполисінің Окхла ауданындағы мұсылмандар өз мешіттерінің ауласынан бірнеше доңыздың басын тауып алды. Сөйтсе де мұсылмандар ашуын сабырға жеңдіріп, үнді мұсылмандарының бұл қорлығына төзіп бақты.  

 

Франция

Үстіміздегі жылдың қараша айының 10-ы күні француздардың Страсбург қаласындағы мешітте теракті болды. Түнде қаскүнем біреулер мешітке от қойды. Дер кезінде келіп үлгерген өрт сөндірушілер өрттің бетін қайтарды. Мешіт имамы қаскүнемдердің бұл ісін діни араздық пен арандату үшін жасалған ессіз әрекетпен байланыстырады.

 

Канада

Квебектегі Сен-Жан-сюр-Ришельё қаласындағы мешіт те вандалдардың кәріне ұшырады. Квебек-сити маңындағы 3 мешітке исламофобтар қоқан-лоққы көрсетіп, хат тастап кетіпті. Мұсылмандардың ар-намысына тиетін сөздер жазылған плакатты мешіттерге іліп кеткенін «Квебектік тұлға» деп аталатын ұйым өз мойындарына алып отыр.

0 пікір
Мұрағат