Мешітке ту ілуді міндеттейді
Мешітке ту ілуді міндеттейді
6 жыл бұрын 4858 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытайдағы ислам қауымдастығы жергілікті мұсылман жамағатын ел аумағындағы барлық мешітке Қытай халық республикасының мемлекеттік туын ілуге және "ұлтты ұйыстыру" үшін социализмнің негіз қалаушы принциптерін зерделеуге шақырды. Аталған қауымдастықтың ресми сайтында жарияланған үндеуде, сондай-ақ, ел конституциясын және қытайдың дәстүрлі мәдениетін үйренуге шақырды. Үндеуді жариялағандар бұл шараның қытай қоғамына сіңісу үшін қолға алынып жатқанын әрі діни рәсімдер қолданыстағы заңнама аясында жүргізілуі керектігін жеткізіпті. Осылайша, қытай билігі экстермизм мен терроризмді әрі социализм идеясын желеу етіп, азшылықты құрайтын ұлттар мен ұлыстарды қытайландыру саясатын мықтап қолға алды. Қытайдың Global Times мерзімді басылымы таратқан хабарында айтылғандай, Нинся-Хуэй автономды округында өткен жұмадан бастап мешітке қытайдың мемлекеттік байрағы ілінген. 

Ð ÐиÑае на вÑÐµÑ Ð¼ÐµÑеÑÑÑ Ð±ÑдÑÑ Ð²ÑвеÑиваÑÑ Ð³Ð¾ÑÑдаÑÑÑвеннÑе Ñлаги

0 пікір
Мұрағат