Мешітке қол жеткізе алмаса да синагогты «құтқарып» қалды
Мешітке қол жеткізе алмаса да синагогты «құтқарып» қалды
9 жыл бұрын 3026

Белгияның Арлон қаласының жамағаты қаражаттың жоғынан синагогтан (иудейлердің құлшылық ететін орны – ред.) айырылып қала жаздаған иудейлерге көмекке келіп, жұма намазында жергілікті имамның бастамасымен жылу жинап берді. Бұл жайында «Huffington Post» ақпарат көзі хабар таратты. Нақтырақ айтқанда, аталмыш елді-мекен иудейлерінің қаржыдан тапшылық көріп отырғанын, сол себепті, синагог ғимаратын жөндеуге жағдайы келмейтінін естіп білген мұсылмандар осылайша дінаралық татулықтың жарқын үлгісін көрсетті. Мұсылмандардың әлі күнге мешіті жоқ, соған қарамастан иудейлерге қолұшын созды. Жергілікті мұсылман жамағаты жұма намазын құлшылық етуге қолайлы етіп жасаған тұрғын үйде оқып жүр. «Сіз гидравликалық сағатты мұсылмандар намазын уақытында оқуы үшін иудейлер ойлап тапқанын білесіз бе? Ал Франциядағы имамдар еврейлерді екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қорғап қалған болатын»,- деді Арлон қаласындағы мұсылмандар қауымдастығының жетекшісі Мұхаммед Буэзмарни. Жергілікті мұсылман жамағаты синагог үшін 2400 еуро қаржы жинап берді. 

0 пікір
Мұрағат