Мешітке бомба түсті
Мешітке бомба түсті
10 жыл бұрын 3245

Әскери қақтығыс орын алған Украинаның оңтүстік-шығыс бөлігінде тамыздың 16-сы күні соборлық мешіттің күмбезіне артиллериялық снаряд келіп түскен. Бұл жайында Ансар.ру ақпарат көзі хабарлады. «Күмбез тұтас құйылып жасалғандықтан, бәрін ауыстыруға тура келіп отыр. Тұтас опырылып түспегені, мұнараға тимегені жақсы болды. Егер мұнара құлайтын болса, күмбезді де, қабырғаны да зақымдар еді», – деп жазыпты әлеуметтік желіде Саид Исмагилов есімді мүфти. Бұл мешіт ұдайы оқтың астында қалатын, шабуылға жиі ұшырайтын әуежай ауданында орналасқандықтан әскери қақтығыс басталғалы бері жабылып қалған болатын. 

0 пікір
Мұрағат