Мешітке бас сұққандардан ақы алып жатыр...
Мешітке бас сұққандардан ақы алып жатыр...
4 жыл бұрын 2254 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Йемен астанасы – Сана қаласындағы мешітте ақылға сыймайтын, көңілге қонбайтын ереже енгізілді. Билік басындағы жергілікті хусит тайпасы намазын мешітте оқитын жамағаттан мешітті пайдаланғаны үшін төлем алуға мүмкіндік беретін ақылы жүйе енгізген. Тіпті, мешіт ауласының кіреберісіне хабарландыру іліп тастаған. Таң намазын мешітті оқығысы келетіндер 100 риал (Йеменнің ұлттық валютасы), яғни, 0,40 доллар, ал апта бойы құлшылық еткісі келетіндер (жұма намазын қоса есептегенде) 50 риал, яғни, 0,20 доллар төлеуге міндетті. Сондай-ақ, қасиетті Рамазан айында тарауық намазы үшін 100 риал алынады. Хусит билігі мешіттің шығынын (электр, су, т.б.) жабу үшін осындай қадамға барғанын алға тартып, ақталуда. Десе де барлық ғибадат үшін ақы алынбайды. Жаназа тегін шығарылады. Бұл ақпараттың қаншалықты рас немесе жалған екені тексерілген жоқ. Тіпті, жалған болған күннің өзінде хуситтерге қарсы насихат жүргізушілердің әрекеті ретінде бағалауға болады. Бұл Йемен қоғамындағы алауыздық пен жікшілдіктің тамыры тым тереңдеп кеткенін көрсетеді. Мұндай жерде бейбітшіліктің орнауы әзірге неғайбыл екенін бағамдайсыз. Бұл жайында golosislama.com ақпарат көзі хабар таратты.

0 пікір
Мұрағат