Мешіт тынысы: Мешітте тегін шұлық таратылады
Мешіт тынысы: Мешітте тегін шұлық таратылады
9 жыл бұрын 2975

Түркияның әлемге әйгілі мешіттерінің бірінен саналатын елдің солтүстік-батысында орын тепкен Едірне провинциясындағы Селими мешітінде жуық арада жамағатқа тегін шұлық таратылатынын жеткізді мұсылмандардың осынау құлшылық үйінің мүфтиі Емролла Жүзім. Бұл шара мешіт ішіндегі тазалықты сақтау мақсатында қолға алынады. «Кейде біздің мешітке жаз мезгілінде шұлықсыз жалаңаяқ кіріп кететіндері болады. Ондайлар мешіттің кіреберісінде тегін шұлақ алады»,- деді ол. Сондай-ақ, ол аяқтың тершеңдігіне байланысты бөлінетін жағымсыз иістен осылай құтылуға болатынын алға тартып отыр. Оның үстіне, бұл мешітке жамағаттан бөлек туристер жиі бас сұғады. Әсіресе, осынау мұсылмандар құлшылық үйінің ЮНЕСКО-ның бүкіл әлемдік мәдени мұралар тізіміне енгеннен кейін мешітке келетін туристердің қарасы көбейген.

 

Футбол шебері мешітке 60 000 аударды

Италиялық «Фиорентина» футбол клубының ойыншысы Мұһаммед Салеһ Флоренцияның мұсылмандар жамағатына жергілікті мешітті қалпына келтіруі үшін 60 000 еуро қаржысын садақа етті. Бұл жайында OnIslam.net ақпарат көзі хабар таратты. Ағылшындардың «Челси» клубынан аталмыш футбол клубына ауысқан тегі мысырлық жігіт аз уақыттың ішінде тоғыз гол соғып, атағы алысқа тарады. Италияға үстіміздегі жылдың ақпан айында алғаш келгенінде ең алдымен мешітті іздеген болатын... Айта кетейік, Италиядағы мұсылмандар қарасы 1,7 млн адамды құрайды, олардың 20 мыңы ислам дінін жуырда қабылдаған болатын  

0 пікір
Мұрағат