Мешіт мұнарасынан асып кеткен ғимарат бел ортасынан сүрілетін болды
|
Ыстамбұлда Сұлтанахмет мешітінің мұнарасынан асып кеткен ғимараттар сүрілетін болды. Яғни, әсем мешіттің көркін бұзып, мешіт мұнараларымен тай-таласып тұрған Зейтүнбұрны ауданындағы көк тіреген 85 метрлік үш ғимарат 45 метрге дейін қырқылады. Түркияның мемлекеттік кеңесі осындай шешім шығарды. Бұл тұрғын үй кешендері 2011 жылы салынып басталған еді. Ал осы жылдың, яғни 2011 жылдың қазан айында Ыстамбұл қаласының әкімдігі қаланың тарихи түбегіндегі ғимараттың биіктігіне шектеу қойған болатын. Міне бұл шектеуден шамамен екі есе асып кеткен ғимараттар енді бел ортадан сүрілетін болды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Тәуліктің ең қауіпті сағаты түнде екені анықталды
■
Сейсмикалық қауіпті қалада жер қозғалса «қозғалмайтын» зәулім ғимарат бой көтерді (фото)
■
Генетикалық ақпараттың берілуінің тағы бір тетігі анықталды
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Түркия алғаш рет қарт тұрғындары көп елдер санатына енді