Мектеп оқушысы жолбарыстың торына түсіп кетті
Мектеп оқушысы жолбарыстың торына түсіп кетті
10 жыл бұрын 5563

Бұл қайғылы оқиға Үндістанның Дели қаласындағы хайуанаттар бағында орын алды. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, мектеп жасындағы бозбала жолбарыс қамалған тордың ішіне құлап түскен. Newsru.com ақпарат көзінің хабарлауынша, қыркүйектің 23-і күні түске қарай орын алған оқиға орнына хайуанаттар бағының қызметкерлері келіп жеткенше жиырма минуттай уақыт өтіп кеткен. Бұл аралықта жолбарыс бозбаланың мойнынан қапсыра тістеп, темір тордың арғы түкпіріне сүйреп алып кеткен. Хайуанаттар бағының қызметкерлері жолбарысты етпен алдандырмақ болған әрекетінен түк шықпаған екен. Бала сол жерде жантәсілім етті. Өкінішке қарай, мұндай оқиғалар әлемнің өзге елдерінде де болып тұрады. Мәселен, өткен жылдың ақпан айында Мексикада жолбарыс цирктің аренасында аң үйретушіні дүйім жұрттың көзінше талаған. Одан сәл бұрын Тбилиси қаласында да жолбарыс хайуанаттар бағының қызметкеріне тап берген оқиға орын алған болатын.

0 пікір
Мұрағат