Мексикадағы шкафтан АҚШ-қа өтетін құпия үңгір табылды
|
Тихуана қаласындағы үйлердің біріндегі шкафтан көршілес АҚШ-тың шекарасынан өтуге болатын жерасты жолы табылды. Бұл туралы ақпаратты "24.kz" телеарнасы таратты. Жалпы ұзындығы 150 метрлік үңгірдің құрылысы тәмамдалып та қалған екен.
Тіпті оның ішінде епті мексикалықтар жарық пен желдету жүйесін де жүргізіп үлгірген. Қазіргі уақытта оның есірткі тасу мен заңсыз келімсектерді шекараның арғы бетіне өткізу үшін салынғаны анықталды. Тоннель орналасқан үйден 9 адам ұсталып, 20 келі марихуана табылды.
Дайындаған: Г. Абилова
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Генетикалық ақпараттың берілуінің тағы бір тетігі анықталды
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Жаһандық проблемаға байланысты жыл өткен сайын азық-түлік қымбаттай беретін болды
■
2100 жылға қарай барлық дерлік елде бала туу көрсеткіші өсу деңгейінен төмендейді
■
Суды микропластиктен қайнату арқылы тазартуға болатыны анықталды